Бүгіннен бастап балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл көлемі өсті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
6 наурызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген, балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өсті.
Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болса, бүгіннен бастап – 20 АЕК (69 000 теңге).
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады