00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды
ашық дереккөз

Елімізде жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 70-ке жуық сайт бұғатталды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Данияр Оралов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, ІІМ мамандары есірткінің таралуы туралы ақпарат бар сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернетті бақылап отырады.

Былтыр «Кибернадзорға» есірткі жарнамалайтын 1996 сайт бұғаттауға жіберілген, оның 1493-і бұғатталған.

Осылайша, 2022 жылы аумақтық бөлімшелер телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні таратумен айналысқан 632 адамды ұстады, оның ішінде 26-сы чат-боттардың әкімшілері мен ұйымдастырушылары, 74-і есіртікіні бөліп, сақтаушылар, 364-і курьерлер, 58-і зертханаларды ұйымдастырушылар және 26-сы граффити сызбаларын қолдануға арналған трафаретшілер. 84 интернет-дүкендер мен чат-боттар анықталды.

Жылдың басынан бері 179 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, 69-ы бұғатталды, - деді Данияр Оралов Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.