00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба: 55,9 мың адам жұмысқа орналасты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба: 55,9 мың адам жұмысқа орналасты
ашық дереккөз

Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысты. 55,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 17,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elorda.info.   

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 38,7 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 2,4 мың, жастар практикасымен 1,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 33,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 365 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 17 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 670 адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 10,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 7 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 10,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.