100 миллион теңге жымқырған полицейлер сотталды
Ақмолалық полиция қызметкерлері 100 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облыстық Полиция департаменті патруль полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульді полиция ротасының аға инженері, полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жымқырып, 100 миллион теңгеден аса шығын келтірген.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.