00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен несие беріледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен несие беріледі
ашық дереккөз

Наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен несие беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, мұны былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған еді. Қаражат кәсіп бастауға ниетті немесе бизнесін дөңгелеткісі келетін 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-тен аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Әрі ол үшін кепіл болуы керек. Бағдарлама 2021-2025-ші жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асады.

ЖАО-мен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мерзімі бар. Осы айдың ішінде біз жаңағы Қаржы министрлігімен несиелік келісімге қол қойдырамыз. Келесі айдан бастап бастаймыз, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов.