00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екі айлық қызын ұрып-соққан елордалық 6,5 жылға сотталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Екі айлық қызын ұрып-соққан елордалық 6,5 жылға сотталды
ашық дереккөз

Үкім қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ер адам 2022 жылы 2 шілдеде мас күйде бүлдіршінге қол көтерген. Бұған дейін ол әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ сотта әйелдің өзі күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Дегенмен судья үкімді күшінде қалдырды.

Ол өз әрекетімен екі айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қазір сәбиге ерекше күтім қажет. Ол ұзақ уақыт бойы медицина мамандарының көмегінсіз қиналған, - деді Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық соты.

Сондай-ақ, сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.