00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Экология министрлігіне қарасты комитеттің бірқатар шенеунігі ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Экология министрлігіне қарасты комитеттің бірқатар шенеунігі ұсталды
ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-арнасы жазды.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» бас директорына, оның бірқатар қоластындағы қызметкеріне, сондай-ақ комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.