00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде үш күнде 879 адам автокөлігін заңдастырды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде үш күнде 879 адам автокөлігін заңдастырды
ашық дереккөз

Қазақстанда шетелдік көлік мінген 879 адам мемлекеттік нөмір белгісі мен техпаспорт алды, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 13 мың өтінім алдын ала мақұлданды. 879 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, ХҚКО сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мамандар өтініш берушілерге кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарауда.