00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері 39 адам әуе рейстерінен түсірілді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Жыл басынан бері 39 адам әуе рейстерінен түсірілді
ашық дереккөз

Елімізде жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 адам әуе рейстерінен түсірілді, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап. 

Еліміздің көлік полицейлері осы жылдың басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 азаматты әуе рейстерден түсірді, оның 16-сы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде болғаны үшін, 5-уі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін және тағы да басқа теріс қылықтар үшін түсірілген. 

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады. Оның айтуынша, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілдерінен «Түркістан – Астана» бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама түсті. Әуе кемесі Астанаға ұшып келісімен жолаушы әйел акт бойынша полицейлерге берілді. 

Тексеру барысында көлік сақшылары масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, - деді Д.Молдаханов.