Елімізде 1,8 мыңнан аса киік ату жоспарланып отыр
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Қазақстанның төрт облысында 1 815 киік ату жоспарланып отыр. Сәйкес құжат қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 15 ақпанынан 2024 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта аулауға рұқсат берілетін жануарлар санын белгілемек.
Бұл аралықта 1 815 киікті ғылыми мақсатта ату жоспарланған. Олардың ішінде Ақмола облысында 705, Қарағанды облысында 700, Қостанай облысында 210 және БҚО-да 200 бас ауланады.
Тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және 7 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады