00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдау үшін 1 603 вагон әзірленді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдау үшін 1 603 вагон әзірленді
ашық дереккөз

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Пойыздардың үздіксіз қозғалысын, жолдар мен жасанды құрылыстарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №957-ЦЗ бұйрығын бекітті. Онда су тасқыны кезеңінде жол мен жасанды құрылыстардың сақталуын және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар көзделген. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ қиын жағдай туындаған кезде Төтенше жағдайлар бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді министр.

Оның атап өтуінше, өткен жылдардағы тасқын суларды өткізу тәжірибесін талдау арқылы барлық өңір бойынша 673 қауіпті орынның тізбесі анықталды. Тасқын сулар өту кезеңінде тәулік бойы кезекшілік және анықталған қауіпті орындарды қарау ұйымдастырылады.

Көпірлердің, құбырлардың, су ағызу құдықтарының саңылауларын қардан тазарту, таулы және су бұру арықтарын, сондай-ақ науалар мен кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Тастар, рельс пакеттерімен және кондициялық емес темірбетон шпалдары бар 45 тасқынға қарсы пойыз құрылуда. 1 713 локомотив, 61 мың адамды қауіпсіз жерге шығаруға болатын 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары тұрақты дайындықта. Қазіргі уақытта жол қашықтығы бойынша 2,4 мың текше метр тастар мен 8 мың кондициялық емес темірбетон шпалдары әзірленді, - деді Марат Қарабаев.