00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ең қымбат апельсин қайда сатылады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде ең қымбат апельсин қайда сатылады
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы өткен айда ел өңірлерінде апельсин, банан және лимон бағасы қаншаға қымбаттағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың желтоқсанында апельсин бағасы жылдық мәнде 30,8% қымбаттап, бір келісі үшін 1004 теңгені құрады. Ең қымбат апельсин Астанада сатылып жатыр – бір келісі 1 140 теңге. Сондай-ақ бұл жеміс өзге өңірлермен салыстырғанда Семей (1 139 тг/кг), Ақтау (1 133 тг/кг) және Қонаев (1 117 тг/кг) қалаларында қымбатырақ. Басқа аймақтарда баға 850-1000 теңге аралығында. Ең арзан апельсинді Петропавл қаласында 811 теңгеге сатып алуға болады.

Цитрустың тағы бір түрі лимон бір жылда 7,4% қымбаттады. Оның орташа бағасы бір келісі үшін – 1 173 теңге. Ең қымбат баға Атырау облысында – келісі үшін 1448 теңге, ең арзаны Түркістан облысында – келісі үшін 953 теңге.

Ал банан бағасы өткен жылы 46,2% өскен. Елдегі орташа баға – бір келісіне 878 теңге. Бананның ең қымбаты Семей қаласының дүкен сөрелерінде – 1043 тг/кг. Ең арзаны Павлодарда – 720 теңге.