00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Respublica партиясы ақыры мемлекеттік тіркеуден өтті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Respublica партиясы ақыры мемлекеттік тіркеуден өтті
ашық дереккөз

Бұл туралы партия басшысы Айдарбек Қожаназаров Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң  бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.

Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі  - ортақ жеңісіміз!  Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті,- деп жазды Партия басшысы.

Сонымен қатар Айдарбек Қожаназаров партияның төрағаларымен; Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты таныстырды.