Үш ер адамнан зорлық көрген жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Үш ер адамнан зорлық көрдім деген алматылық тұрғын оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Жәбірленушінің сөзінше, ол интернет арқылы жігітпен танысқан. Олар жақсы араласа бастаған. Бір айдан кейін жәбірленушіні интернет арқылы танысқан танысы үйіне шақырған. Бірақ пәтерде ол жалғыз болмаған, қасында тағы екі адам болған. Үшеуі жәбірленушіге жабылып, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсете бастаған. Артынша зорлаған.
Оқи отырыңыз: «Бақытсыз әйел бақытсыз баланы тәрбиелейді»: Айнұр Тұрсынбаева тағы да желіні шулатты
«Бұл қатын жас балаларды құртты»: Ерке тағы бір танымал әншімен көңіл қосты
«Маған зиянын тигізе бастады»: Димаш Құдайберген күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Ұрып, зорлады. Мен оларға физикалық тұрғыда қарсы шыға алмадым. Қатты қорыққаным соншалық, олардың айтқанын істегеннен басқа амалым болмады, - дейді 30 жастағы Әділ.
Үшеуі жәбірленушіге үш сағат бойы зорлық көрсеткен. Оның бәрін видеоға да түсіріп алған. Оны жарияламау үшін жарты миллион теңге талап еткен. Алайда Әділде мұндай қаражат болмаған. Тек 100 мың теңге берген. Содан кейін үшеуі жәбірленушіні жіберген.
Пәтерден шыққан кезде не істерімді, қайда барарымды, не үшін бара жатқанымды білмедім. Ең бірінші келген ой - өзіме қалай қол жұмсасам екен деп ойладым. Неше түрлі ойлар келді, - дейді жәбірленуші.
Әділ үш күдікті, осылайша, ақша тауып жүрген болуы мүмкін екенін айтады.
Еске салайық, кеше НеМолчи қоғамдық қорының өкілдері алматылық тұрғынды үш жігіт зорлағаны туралы хабарлаған болатын. Артынша күдіктілер ұсталды. Олар 2001, 2003 жылы туған, тұрақты жұмысы жоқ адамдар болып шықты. Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды.