00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан қылмыстық сот төрелігінің деңгейі бойынша140 елдің ішінде 62-орында

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан қылмыстық сот төрелігінің деңгейі бойынша140 елдің ішінде 62-орында
ашық дереккөз

Қылмыстық сот төрелігі деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 2022 жылы әлемдегі 140 орынның ішінде 62-орынға ие болды. Елдің индексі - 0,47. Бұл - рейтингке қатысушы ТМД елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өзбекстан – 65, Беларусь – 76, Молдова – 85, Украина – 93, Қырғызстан – 114, Ресей – 123-орында тұр. Рейтингте Еуропа елдері Норвегия, Финляндия және Дания елдері көш бастаса, тізім Венесуэламен аяқталды.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 149,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен бірдей. Оның 63,6 мыңы – орташа ауырлықтағы, 41,4 мыңы – ауыр, 21,9 мыңы –жеңіл дәрежедегі, 2,1 мыңы –ерекше ауыр дәрежедегі жағдайлар. Тағы 20,4 мың іс теріс қылықпен байланысты.

Өңірлік тұрғыда қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелген. Мұнда 32,9 мың оқиға болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 29,4%-ға артық. Алғашқы үштікке Астана (15,9 мың жағдай, плюс 5,1%) және Алматы облысы (11,9 мың жағдай, минус 13%) кірді.

Құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған өңірлер – Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелген.

Барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі меншікке қарсы құқық бұзушылық саласында тіркелді: Қазақстан бойынша 76,5% немесе 114,3 мың іс (плюс жылына 3,1%).