00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда бір жылда әуе қатынасы 17%-ға қымбаттады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстанда бір жылда әуе қатынасы 17%-ға қымбаттады
ашық дереккөз

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша әуе жолаушылар көлігі қызметінің құны бір жылда 16,8%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Өңірлік бөліністе Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді: бірден  67%. Сондай-ақ, антилидерлердің үштігіне Абай (57,3%) және Қостанай (43,2%) облыстары кірді.

Елімізде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана бағаның төмендеуі байқалды.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 млн адам. Одан кейін Шымкент (3 млн адам) және Астана (562,5 мың адам) келеді.

Жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 35,7%-ға артық. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша жүк пен багажды әуе көлігімен тасымалдау 24,5 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға аз. Жүк авиатасымалдары еліміздің үш өңірінде — Алматы (14,7 мың тонна), Шымкент (6,3 мың тонна) және Астана (3,5 мың тонна) ғана тіркелген.