00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шұжық қымбаттады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шұжық қымбаттады
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда пісірілген шұжық 23,6%-ға, ал жартылай ысталған шұжық 22,2%-ға қымбаттады. 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16,6% өсті, деп хабарлады Elorda.info Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ет пен құс еті жылына 15,4%, шұжық өнімдері 22,2%, ет өнімдері 15,9% өсті. Ет өнімдерінің ішінде:

  • құс еті 29,4%-ға,
  • жылқы еті 16,7%-ға,
  • қой еті 12,9%-ға,
  • сиыр еті 10,1%-ға,
  • шошқа еті 14,3%-ға қымбаттады.

Бағаның өсуі Маңғыстау облысында байқалды. Мұнда баға жылына 22,6%-ға өскен. Екінші және үшінші қатарда Павлодар (21,7%) және Солтүстік Қазақстан (+21,5%) облыстары тұр. Ең аз жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды. Мұнда бар-жоғы 9,7%-ға қымбаттаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттай бастайтынын хабарлады.

Қазақстан аймақтарында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көтеріліп жатыр. Күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа, ұн да қымбаттауда.