Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға көбейеді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Біріншіден, мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби дамудың жаңа формаларын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту; жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «Педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырамыз, - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.
Сондай-ақ министр әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшада тегін тамақпен қамту қолға алынатынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады