00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есірткі сататын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есірткі сататын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды
ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде ұялы байланыс компаниялары «ауыстырылмалы» 1 нөмірлерінен 5,5 млн қоңырауды бұғаттады. Ішкі істер министрлігі 6 ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты. Бұдан басқа, ІІМ басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді және 70 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ 1990 есірткі сайты бұғатталды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.