00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бір жылда қазақстандықтардың табысы қанша пайызға көбейді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бір жылда қазақстандықтардың табысы қанша пайызға көбейді
ашық дереккөз

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың табысы артты. Оның ішінде табыстың 76%-ы еңбекке жарамды жандарға тиесілі, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.

Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Екінші орында Қарағанды облысы - 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.

Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеді. Аталған өңірде жалақы – 312,7 мың теңге, жылдық өсім - 31,8%.

Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі – 156,4 мың теңге. Бұл бір жылда бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.

Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды - 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.

Оның ішінде 157,2 мың теңге – жалдамалы жұмыстан түскен табыс.

Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс - 23,2 мың теңге.

Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.

Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.