00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 миллионнан астам жалдамалы жұмыскердің кірісіне әсер етті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 миллионнан астам жалдамалы жұмыскердің кірісіне әсер етті
ашық дереккөз

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін артты, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Бірінші кезекте ең төменгі жалақының көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Еске сала кетейік, ең төменгі жалақы еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.