Елордада 9 айда 3,9 млрд теңгеге ветеринариялық қызмет көрсетілген
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 33 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.
Өңірлік бөлініс бойынша қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.
Ветеринария саласындағы ең аз қызмет көлемі Ұлытау облысында тіркелген. Мұнда 362 млн теңгеге қызмет көрсетілген.
Ұқсас жаңалықтар