00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қыс түскелі 900 адам құтқарылды – министр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қыс түскелі 900 адам құтқарылды – министр
ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия шеңберінде республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтардың қауіпсіздігін және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету үшін ТЖМ барлық төтенше ден қою жүйесін қысқы кезеңге дайындау бойынша кешенді жоспарлы жұмыс жүргізуде. Қарашаның үшінші онкүндігінде «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу қорытындысы ұйымдастырушылық шешімдер қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетті, - деп министр.

Юрий Ильин сондай-ақ ИИДМ өкіліне қар ұстайтын қалқандардың жеткіліксіз саны бойынша проблеманың бар екендігін және қыс мезгілінде автожолдарды уақтылы тазаламауды атап өтті. Аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі сипаттағы тиісті шараларды қабылдау қажеттігін айтты.

Юрий Ильин сондай-ақ уәкілетті органның алдында орталық тосқауыл қоршауында технологиялық жолдың болмауы себебінен автожолдың қарама-қарсы жағына өту мүмкін еместігіне байланысты кептелістердің қалыптасуы мәселесін көтерді. Мысалы: Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург автожолында кемпингтің жанындағы 1070 км жерде (ресми жылыту пункті болып табылатын) тосқауыл қоршауында жол жоқ. Бұл Қарағанды-Астана бағытында келе жатқан автотехниканың жол жүруіне мүмкіндік бермейді.

Жалпы, бүгінгі күні автокөлік кептелісі қалыптасатын жолдардың үш мыңнан астам күрделі учаскелері анықталды.

Қараша-желтоқсан айларында еліміздің автожолдарынан құтқару бөлімшелері 900-ге жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, оның ішінде 128 бала, 90 бірлік техника қар құсауынан шығарылды және сүйрелді, 32 жылыту пункті іске қосылды.

Өткен қысқы кезеңде құтқарушылар қар құрсауынан 2,6 мыңнан астам адамды және 600-ге жуық техниканы құтқарып, эвакуациялады. Ел өңірлерінде дауылды ескертулер 1 146 рет жарияланды, республикалық маңызы бар автожолдар 684 рет және облыстық маңызы бар автожолдар 427 рет жабылды.