Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды
Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Мемориал қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта, Сәтбаев көшесінің жоғарғы бетінде орналасқан, деп хабарлады Elorda.info.
Кешеннің ашылуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысқан. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қайғылы оқиғада қаза тапқандарға арналған мемориал ашылатыны биылғы қаңтар айының соңында хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы: 160 адам бас бостандығынан айырылды
Қаңтар оқиғасында кәсіпкерлерге 37,5 млрд теңге залал келтірілген
Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді
«Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Атап айтқанда, ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен төгілген қанның, адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған. Жобаның авторлары – қазақстандық жас сәулетшілер Алексей Ивженко және Ғайни Сағидуллаева.
Ашылу салтанатынан фотолар Qazaqstan телеарнасының Telegram-арнасында жарияланды.