00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 75 мың азаматқа мемлекеттік қызмет экстерриториалды түрде көрсетілген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 75 мың азаматқа мемлекеттік қызмет экстерриториалды түрде көрсетілген
ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін қайта құру және реинжиниринг бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Вице-министр 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау кезінде бұл тәсілді пилоттық режимде қолдану жоспарланғанын хабарлады. Жалпы, келесі жылы автоматты тағайындау форматын 4 қызмет бойынша қолдану жоспарлануда.

Біз екінші деңгейдегі банктермен жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға банктік қосымшалар арқылы 6 қызмет қолжетімді және 11 айда оларды 280 мыңнан астам адам алды. Бұдан басқа, 17 қызмет экстерриториалды түрде көрсетіле бастады, яғни оларды Қазақстанның кез келген жерінде, тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға жүгінбей-ақ ала алады. Биыл 75 мың азамат осы қызмет түрін пайдалана алды, – деді Е.Оспанов.

Келесі қадам проактивті қызметтер көрсету кезінде жәрдемақыларды автоматты түрде тағайындауға көшу болады, яғни қызмет көрсету процесінде адамдардың қатысуы толығымен жойылады.