00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Бүгін әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды
ашық дереккөз

19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың соңына дейін созылатын науқанның басты ерекшелігі – бастапқы жарна талап етілмейді. Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.

Бағдарламаның өзге де шарттары:

Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);

Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.

Еске салайық, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарына несие алуға болады. Бұл ретте ескеретін нәрсе – несие жөндеу үшін алынса, оны алушы үйдің иесі болуы керек.

«Ұмай» ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.