00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтады
ашық дереккөз

Түркістан облысының полицейлері “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтады, деп хабарлады Elprda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған көлік иесін анықтады.

Полиция қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолында қызмет атқару кезінде “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұл бойынша берешегі бары анықталды.

Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті.