00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Artsport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге қойылатын талап күшейтілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Artsport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге қойылатын талап күшейтілді
ашық дереккөз

Жаңа талап бойынша әр балаға бір ваучерден ғана беріледі, ал бұрын екеуін бірден алуға болатын еді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ кейбір бөлімдерде жас шегі төмендетілді, мысалы, еркін күреске бұдан былай тек 10 жастан бастап жазылуға болады. Сонымен қатар үйірме ұйымдастырушыларына қатаң санитарлық талаптар қойылмақ. Айта кетейік, ArtSport бағдарламасы аясында бюджет қаржысының 1 млрд теңгеден астамы талан-таражға түскені белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Шенеуніктер алты мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға тіркеген, бірақ олар іс жүзінде ештеңеге қатыспаған болып шықты.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы үйірмелерде оқушыларды спортқа қатысы жоқ адамдар дайындағаны белгілі болды. Тіпті, бұрын жезөкшелікке және жыныстық қол сұқпауға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталғандар да бар, - деді бас прокуратура өкілдері.