00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жемістер мен көкөністер бір жылда 17 пайызға қымбаттады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде жемістер мен көкөністер бір жылда 17 пайызға қымбаттады
ашық дереккөз

 Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір айда 1,8%-ға, бір жылда 24,1%-ға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды: 2,4%. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 31,4%. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында: әр өңірде 25,8%. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: «бар болғаны» 22,6%.

Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9%-ға, көкөністер 11%-ға өсті. Жемістер ішінде банан бірден 45,8%-ға апельсин — 26,2%-ға, алма — 11,3% -ға, лимон — 8,6% -ға, кептірілген өрік — 65,4%-ға қымбаттады.

Қараша айында сүт өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 30%-ға өсті. Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1% -ға қымбаттады. Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 20%-ға қымбат.

Бір жылда нан 19,3%-ға, жарма 36,8%-ға, макарон өнімдері 42,2%-ға, ұн 43,7%-ға қымбаттады.