00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шарап 15 пайызға қымбаттады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде шарап 15 пайызға қымбаттады
ашық дереккөз

Қаңтар–қазан айларында табиғи жүзім шарабы өндірісі 24,3 млн литрге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9% артық, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін осы кезеңдегі көрсеткіш екі жыл қатарынан төмендеген, бір жыл бұрын тіпті 38,7%-ға азайған еді.

Отандық шарап өндірушілер биылғы қаңтар–қыркүйек айларында шарапқа деген сұранысты 66%-ға қамтамасыз етті. Өндіріс осы кезеңде 2021 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 1,5 есеге жуық өсіп,18,6 млн литрге жетті.

Биыл қарашада Қазақстанда шарап бағасы 0,9%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері шарап бағасы 14,7%-ға өсті. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Өңірлер бойынша баға айтарлықтай қымбаттаған Абай және Қызылорда облыстары: 23,8 пайыз. Одан кейінгі орында Қарағанды (22,2%), Ақтөбе (19,7%) және Түркістан (19,3%) облыстары бар. Бағаның ең аз өсімі Солтүстік Қазақстан (7,4%), Атырау (8,7%) және Ақмола (8,9%) облыстарында байқалды.