Өткен жылы Қазақстан ТМД елдеріне қанша тонна күріш экспорттады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
2021 жылы қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттады, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық.
Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталды.
Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары: Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна) және Өзбекстан (26,7 мың тонна).
ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар, бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады