Елімізде қарақұмық өндірісінің көлемі 67%-ға өсті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында қарақұмық жармасы өндірісінің көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66,9%-ға ұлғайды, деп хабарлады Elorda.info.
11 қазақстандық кәсіпорын 30 мың тоннаға жуық қарақұмық шығарды. Бұл ретте аталған жарманың орташа жылдық тұтыну көлемі 29,1 мың тоннаны құрайды. Осылайша, жылға толмайтын уақыт ішінде отандық өндірушілер ішкі нарықты қарақұмықпен толық қамтамасыз ете алды. Қарақұмықтың негізгі өндірушілері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары болып табылады.
Қарақұмық импорты биыл 80%-ға төмендеп, 600 тоннаны құрады. Мысал ретінде айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін елге 3 мың тоннаға жуық қарақұмық жармасы әкелінді.
Ұқсас жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген 13 мыңнан астам адамға арнайы төлем тағайындалды
17 қаңтар, 2025
Былтыр 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
16 қаңтар, 2025
Елімізде 550 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
16 қаңтар, 2025
Соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы медалі беріледі