00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақын Жүрсін Ерман шетелде емделеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақын Жүрсін Ерман шетелде емделеді
ашық дереккөз

Жақында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскен айтыстың «атасы» атанған ақын Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропа еліне аттанады. Оның шетелге сапарға шығатынын айтыскер Шалқарбай Ізбасаров Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info

Оқи отырыңыз: Танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

Айтыстың реформаторы Жүрсін Ерман ағамызға амандасып және «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атануымен құттықтап шықтық. Аллаға шүкір, жағдайы жақсарып қалыпты. Жақында ем-дом алу мақсатында Еуропаға барғалы жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын, аман жүріңіз, - деп жазды айтыскер.