00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шаштараз қызметі 13%-ға қымбаттаған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шаштараз қызметі 13%-ға қымбаттаған
ашық дереккөз

Азық-түлік және өзге де тауарлармен қатар қызмет көрсету саласында да бағалар өскен, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, биыл 10 айда әйелдер үшін шаштараз қызметі 11%, ал ер адамдар үшін 13% қымбаттаған. Мысалы, қазан айында бұрымдылар үшін шаш қию орта есеппен 2700 теңге болса, ер адамдар бұл қызметті алу үшін 2000 теңге төледі. Елімізде монша қызметі де жыл басынан бері 13%-ға қымбаттаған. 

Сонымен қатар, аяқ киім жөндеу қызметінің құны да айтарлықтай өскен. Әйелдер аяқ киімін жөндетуге бір жыл бұрынғыға қарағанда 26%, ер адамдар 20% артық ақы төлейді.

Кинотеатрларда билет құны бір жылда 11%-ға өскен. Биылғы он ай ішінде қымбатшылық барлық саланы дерлік қамтыған. Әзірге қоғамдық көлікте жол жүру ақысы ғана өспеген.