Елордада Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналып жатыр
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алады. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Достар, Екібастұзда көпқабатты және жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания шетте қала алмады – бүгін Қазпошта гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген Қазпошта бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және басқа керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі, - деп жазды Әсел Жанасова.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады