00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде балық пен теңіз өнімдерінің бағасы көтерілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде балық пен теңіз өнімдерінің бағасы көтерілді
ашық дереккөз

Биыл Қазақстанда балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 24,3%-ға көтерілген. Жаңа ауланған және салқындатылған балық 17,4%-ға, қатырылғаны 16%-ға, өңделіп, консервіленгені 31,3%-ға қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Статистикаға сенсек, 2022 жылы балық пен теңіз өнімдері ең қатты қымбаттаған өңірлер – Павлодар облысы (42,5%), Маңғыстау облысы (38,1%) мен Шымкент (32,5%). Ал Абай облысында баға 12,9%-ға ғана өскен.  

Былтыр Қазақстан жұрты 2020 жылға қарағанда балық пен теңіз өнімдерін аз жеген. 

2022 жылы халық көп тұтынып жүрген азық-түлік түрлері былтырмен салыстырғанда әлдеқайда қымбаттады.