Жыл басынан бері өрттен 249 адам қаза тапты
Жыл басынан бері республика бойынша 9 647 өрт тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Республика бойынша болған өрт салдарынан 249 адам қаза тапса, 212 адамды түрлі дәрежедегі күйік шалған және уланған.
2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 2,2%-ға, қаза тапқандар саны 18,6%-ға, жарақаттанғандар саны 40,8%-ға төмендеген.
Адамдардың жарақаттануы мен қаза болу фактілерін болдырмау, сондай-ақ өрттен болған нұқсанды барынша азайту мақсатында ТЖМ биіктігі 10 қабатқа дейінгі тұрғын үйлерді өрт сигнализациясы қондырғыларымен жабдықтау, сондай-ақ барлық газдандырылған үй-жайлардың газдануын талдауыштармен жарақтандыру жөніндегі талаптардың міндеттілігі бөлігінде тиісті өзгерістер енгізді, – деді министр өз баяндамасында.