Желіде белгілі асабаның халыққа арнаған өлеңі қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
Белгілі айтыскер, асаба Әлібек Серғалиевтің тойда оқыған өлеңі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Elorda.info.
Ол өз арнауында билікті орынсыз сынап, саясат соғатындарды түйреп өткен. Сондай-ақ асаба Үкіметке қол жайып, жұмыс істегісі келмейтін жатыпішерлерді қатаң сынға алады.
...Қазақтың жарық таң бар,
Қорасында малы бар,
Дастарханында нан бар.
Қасқа жолын бастаған
Қасым-Жомарт ханы бар.
Бірақ соңғы кездері
Патшасын сынай беретін
Қазақтың мәнсіз зары бар.
Екі кітап оқымай,
Саясат жайлы айтатын
Білгішсымақтар тағы бар.
Соларға менің айтарым:
Әр ауруға дәрі бар.
Диваныңнан тұрмасаң
Жамбасың қайдан малынар.
Бәрі қымбат деп ренжімей,
Өзің сәл жұмыс істе,
Қолы қимылдағанның
Аузына тамақ табылар.
Тер төкпесең тиын жоқ,
Өмірдің сондай заңы бар.
Сондықтан Үкімет дей бермей,
Өз шаңыңды қағып ал.
Қазақ патшасын қолдаса,
Талай қамал алынар.
Талай дұшпан бағынар.
Иман, бірлік, еңбек, ой керек,
Қалғанының бәрі бар, - деп қайырады автор өз өлеңін.