00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан халқының саны 19 691,9 мың адамға жетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан халқының саны 19 691,9 мың адамға жетті
ашық дереккөз

Қазақстан халқының саны өсті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 691,9 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар - 12 151,7 мың (61,7 пайыз), ауылдықтар - 7 540,2 мың адам (38,3 пайыз). 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 188,7 мың адамға немесе 1 пайызға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда  (201,2 мың адам) 1,6 пайызға кеміп, 198 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,49 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 299,7 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға аз (338,8 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті - 20,41.

Қарастырылып отырған кезеңде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылдың алғашқы тоғыз айына қарағанда 26,1 пайызға аз (137,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 6,92 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2 453 нәрестенің шетінеуі тіркелді және былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 682 шетінеген нәресте) көрсеткіш 8,5 пайызға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда - 8,18 оқиға.