Елімізде сүт өнімдері неліктен қымбаттады
Қазақстан сүт одағының мамандары елде сүт өнімдерінің қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.
Ресми мәліметке сәйкес бір жылда баға 15%-ға өскен. Дегенмен сарапшылар шын мәнінде өсім бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты.
Сүт өнімдерінің қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі – маусымдық өсім. Қысқа қарай сиырлар азырақ сүт береді екен. Ал дәрумендер мен жем-шөп қымбаттайды. Ал өңдеушілер сүтті арзан бағада қабылдайтын көрінеді. Шаруаларға субсидия жетпегендіктен, сүт өндіру тиімсіз екен.
Қазақстан Республикасында көп өнім беретін жануарлар санына қатысты мәселе бар. Себебі жем-шөп қымбат. Шаруаларға да сүтті жануарларды өсіру тиімсіз болып отыр, табыс әкелмейді. Жем бағасы шарықтап кетті. Иелері жануарларды көптеп сойғандықтан мал басы азайып жатыр, – дейді Қазақстан сүт одағының өкілі Дінмұхамед Айсауытов.