00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылған
ашық дереккөз

2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Бұл халықтың жалпы санының 69,3% (2020 жылы – 69,2%) құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 100 мыңға кем болған (2020 жылы – 9,2 млн. адам). Экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3% – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігін жалдамалы жұмыскерлер құрайды – 6,7 млн адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам немесе 23,8%.

Бұл ретте, егер жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалса (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%, -делінген хабарламада.