00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар жиі онлайн тапсырыс беретін тауарлар аталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандықтар жиі онлайн тапсырыс беретін тауарлар аталды
ашық дереккөз

Jusan дүкені қазақстандықтардың онлайн түрде қандай азық-түліктерге жиі тапсырыс беретінін жариялады, деп хабарлады Elorda.info Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Jusan дүкені ұсынған деректерге сүйенсек, азық-түлікке онлайн тапсырыс беретіндердің  97%-дан астамы - Алматы және Астана қалаларының тұрғындары. Қалған қалаларда онлайн-сауда айтарлықтай дамымаған көрінеді. Оның ішінде 75,6% онлайн тапсырысты алматылықтар жасайды екен. Олар онлайн алдыратын топ-5 тауардың көшін пияз бастап тұр. Одан бөлек, бұл тізімде сәбіз, картоп екінші және үшінші орында тұрса, рейтингті ұсақ картоп пен орамжапырақ аяқтайды. 

Сонымен қатар Алматы тұрғындары ең жиі тапсырыс беретін өнімдер қатарында сарымсақ, шалғам, шалқан, қызылша мен қызанақ бар. 

Ал елордалықтар болса, бірінші кезекте сүтті (майлылығы 3,2%) онлайн алдыртуды жөн көреді. Бұдан басқа ең жиі алдыратын топ-5 өнімдер қатарынан құмшекер, Agro картоп, майлылығы 2,5% сүт, пияз табылады. 

Астана тұрғындары жиі тапсырыс беретін топ-5 ет өнімдері: Сиырдың тартылған еті; Сиырдың артқы сан еті;Тауық сүбесі; Сиырдың жұмсақ еті; Тауықтың сан еті.