00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Парламент Сенатының төрағасы Республика күнімен құттықтады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Парламент Сенатының төрағасы Республика күнімен құттықтады
ашық дереккөз

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті достар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – дербестігімізді айғақтаған және тәуелсіздігіміздің құқықтық негізін қалаған аса маңызды құжат. Елдік пен еркіндік жолында тарихи шешім қабылданған күнді ұлттық мерекеге айналдыру – отаншылдық рухымызды асқақтатар ұтымды қадам. Алдағы уақытта бұл күннің қадір-қасиеті одан әрі артып, азаттығымызды айшықтайтын нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ.

Бүгін айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде көк туымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Әрдайым осылай көк байрағымыз көгімізде желбіреп, егемендігіміз нығая берсін!

Баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Еңселі елдіктің мәні мен маңызын арттыра түсетін ұлттық мерекеміз құтты болсын! – деді Мәулен Әшімбаев.