00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Премьер-министр қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Премьер-министр қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміз өзінің төл тарихында биыл тұңғыш рет 25 қазанды ұлттық мейрам ретінде атап өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау айтулы күннің бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы тарихи тағлымын алға тартып, еліміздің ең басты мерекесі Егемендік күніне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады.

Егемендік декларациясы халқымыздың азаттық жолындағы мәңгілік мұратын ақиқатқа айналдырған қастерлі құжат, тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамының айшықты символы болып қала бермек. Ел жадында қайта жаңғырған мерейлі мереке мемлекеттігіміздің жаңа дәуірінің бастауына, мызғымас бірлігіміздің берік тұғырына айналғай.

Біз – егемендік пен елдік, бейбітшілік пен келісім сияқты қасиетті құндылықтарды әрқашан ұлықтай білген халықпыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді нығайтуға қалтқысыз қызмет ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Мемлекетіміздің мәртебесі биіктеп, рухы асқақтай берсін! - делінген Ә.Смайыловтың құттықтауында.