00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шетел азаматы ауғанстандықтарға Қазақстан азаматтығын заңсыз беріп келген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетел азаматы ауғанстандықтарға Қазақстан азаматтығын заңсыз беріп келген
ашық дереккөз

Шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын заңсыз беруді ұйымдастырып келген арна анықталды, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 13 қазанда ҰҚК Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі «Боран» арнайы бөлімшесін жұмылдыра отырып өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.

Тінту барысында қазақстандық бірнеше ұйымның мөрлері, Ауғанстанның 20 төлқұжаты, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды, - делінген хабарламада.

Аталған факті қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді.

Ұсталған күдікті Алматы қалалық Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.