00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде көкөністердің бағасы бір жылда 10%-ға өсті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде көкөністердің бағасы бір жылда 10%-ға өсті
ашық дереккөз

Қазақстанда көкөніс импорты экспорт деңгейінен асып түсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ҚР-да бұрыш импорты 3 есе өсті. Сондай-ақ,  бақша дақылдарының импорты 85,2%-ға, қияр мен қышқыл 69,7%-ға, сарымсақ 64,4%-ға, қырыққабат 61,5%-ға, қызанақ 40,9%-ға артты. Қызылша импорты 5,3%-ға және баялды 2,3%-ға  аз болса да өсті.

Импорт көлемі бойынша картоп 19,9%-ға, пияз 8,4%-ға және сәбіз 5,5%-ға  қысқарды.

Өз кезегінде ҚР-да экспорт көлемінен де өсім байқалады. Қызылша 3,4 есе, бұрыш 3,2 есе, сәбіз 29,6%-ға, қияр 24,6%-ға, сарымсақ 24,4%-ға артты.

Алайда картоп, баклажан, қызанақ, бақша дақылдары, пияз және қырыққабат экспорты қысқарды.

Биыл  көкөністердің негізгі түрлері бойынша импорт көлемі экспорттан бірнеше есе артық. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш 47,6 есе, қырыққабат 18,3 есе,  сәбіз 13,9 есе, қызылша 10,2 есе, сарымсақ 8,7 есе, пияз 6,3 есе, картоп  5 есе, қызанақ 4,9 есе және қияр 2,6 есе артық.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер бір жылда 10%-ға қымбаттаған. Олардың ішінде қияр 29,6%-ға, қызанақ 21,8%-ға, пияз 13,9%-ға, картоп 13,2%-ға және қызылша бағасы 0,1%-ға өсті. Сәбіз 2,2% және қырыққабат 9,5% арзандаған.

Алматы облысында баға шарықтаған. Бір жылда баға 27,8%-ға артқанын көруге болады. Жетісу және Атырау облыстары да бір жылда тиісінше 24,4% және 17%-ға қымбаттады.

Бағаның төмендеуі Жамбыл 0,6%-ға және Ұлытау 2,3%-ға облыстарында байқалды.