00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тамара Дүйсенова: Дағдарыс орталықтарындағы адамдардың 67 пайызы – балалар

Тамара Дүйсенова: Дағдарыс орталықтарындағы адамдардың 67 пайызы – балалар
ашық дереккөз

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз баяндамасында еліміздегі дағдарыс орталықтары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

​​Бүгінде 41 Дағдарыс орталығы республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Оның 14-і мемлекеттік, 27-сі мемлекеттік емес. Олар негізінен еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейді.

Биылдан бастап орталықтар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бөлінген қаражат көлемі шамамен 1,4 млрд теңгені құрайды.

Есепті кезеңде орталықтар 3 975 адамды қамтыды, оның ішінде: 3 055 адам медициналық көмек алды, 277 адам жұмысқа орналастырылды, 350 бала мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналастырылды, 528 адам құжатталған, 764 адам отбасылармен қайта қауышты. Өтініш білдіргендердің 67%-ға жуығы немесе 2 мың 661-і – зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған балалар. Қызметтердің негізгі алушылары – көпбалалы отбасылар, - деді министр.