00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді. Енді бұл құжатты Kaspi.kz платформасын пайдаланушыларға баланың туу туралы куәлігін беру қызметі арқылы онлайн алуға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Kaspi.kz әзірлеушілерінің мәліметінше, туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдау керек.

Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі - смартфон камерасына бетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.        

Бұл сервисті Денсаулық сақтау, Әділет, Цифрлық дамыу және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, «ҰАТ» АҚ және Kaspi.kz компаниясы бірлесіп іске асырды.