Елімізде жалдамалы жұмысшылардың саны төмендеді – министр
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша соңғы 9 айдың қорытындысы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жұмыспен қамту туралы аталған кезеңде жалдамалы жұмысшылар саны 68,8 мың адамнан 23,5 мың адамға дейін азайды. 2000-жылдардан бастап дүниеге келген балалардың саны артқанын білесіздер. Сол балаларымыз ержетіп, қазір еңбек нарығына қосылуда. Сол себепті, алдыңғы жылдары біртіндеп азайып келе жатқан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны қайтадан өсіп, 51 мың адамға көбейді, – деді министр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқанын айтты.
Жұмысқа орналасқандардың 225,5 мыңы Ұлттық жобалар аясында, 31%-ы – Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орны» тапсырмасының аясында құрылған жұмыс орындарына орналасты. Ал, 34,3%-ы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орнына орналасты, - деді Т.Дүйсенова.