Биыл 16 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Министрліктің мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмысшының алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 639 нұсқама беріліп, 115,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,9 мың жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 741,6 млн теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады